СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емхана жанындағы "Жас толқын" жастар денсаулық орталығының қызметкерлері республикалық мектеп-интернат пен олимпиадалық резерв колледжінде болды. Қажымұқан Мұңайтпасов.
Болашақ спортшылар үшін салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат, әрине, жаңа емес. Алайда, олимпиадалық резерв колледжінің студенттері никотинді, алкогольді және есірткіні теріс пайдалану процестері мен салдары туралы дәрісті мұқият тыңдады. Материалды дайындаған СӨС дәрігері Нұрмағамбетов Азат Асланұлы.
Әрбір адам қай жерде болмасын және өзінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан сапалы және арзан медициналық-санитарлық қызметтерге қол жеткізуге құқылы екендігін еске салу.
COVID-19 пандемиясының қорқынышты ауқымы осындай шараның өте қажет екенін баса айқындап берді.
Қазақстан өз азаматтарына бірден екі пакетке – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және медициналық сақтандыруға қолжетімділікті қамтамасыз еткен аз мемлекеттердің бірі.
Бұл ретте мемлекет азаматтардың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адам үшін – балалар мен күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жүкті әйелдер, декреттегі әйелдер және көп балалы аналар, зейнеткерлер мен мүгедек адамдар үшін МӘМС-ға аударымдар төлейді.
СІЗГЕ САҚТАНДЫРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
- Қаралды: 379
Достар, сіздермен Қордың Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочаяның сұхбатынан алынған негізгі тезистермен бөлісеміз.
Жарналарды төлеу бойынша міндет Мемлекет басшысы қол қойған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда көзделген.
Яғни, бұл еліміздің әрбір азаматы, сондай-ақ Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінен келген еңбекші көшіп-қонушы шетелдік азаматтар және олардың отбасы мүшелері жасауға тиіс міндетті төлемдер болып табылады.
Адам жарнаны заңда көзделген міндет болғандықтан ғана емес, өзінің денсаулығы үшін қоғам алдында ортақ жауапкершілікте болғандықтан да төлейді.
Өз қызметкері үшін аударымдар жүргізіп және олардың скринингтік зерттеулерден өтуі үшін жағдай жасай отырып жұмыс беруші, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қамқорлық жасайтын, яғни барлық жағдайларды жасайтын мемлекет те осындай жауаптылықта болады.




