СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Мемлекеттің басты міндеті - әр адамның денсаулығын қорғау
- Қаралды: 301
Әрбір адам қай жерде болмасын және өзінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан сапалы және арзан медициналық-санитарлық қызметтерге қол жеткізуге құқылы екендігін еске салу.
COVID-19 пандемиясының қорқынышты ауқымы осындай шараның өте қажет екенін баса айқындап берді.
Қазақстан өз азаматтарына бірден екі пакетке – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және медициналық сақтандыруға қолжетімділікті қамтамасыз еткен аз мемлекеттердің бірі.
Бұл ретте мемлекет азаматтардың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адам үшін – балалар мен күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жүкті әйелдер, декреттегі әйелдер және көп балалы аналар, зейнеткерлер мен мүгедек адамдар үшін МӘМС-ға аударымдар төлейді.
Бүгінгі таңда жүйенің әрбір қатысушысы қажет болған кезде амбулаториялық жағдайда және стационарлық деңгейде жоспарлы көмекке, қымбат тұратын талдаулар мен диагностикалық тексерулерге, жоғары технологиялық операциялар мен күндізгі стационарда емделуге, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және скринингтік зерттеулерге, оңалту мен паллиативтік көмекке қол жеткізе алады.
МӘМС пакетінің тізімі өте ауқымды және оның аясында көрсетілетін қызметтер пациенттің Қорға төлейтін жарналарының мөлшеріне байланысты емес. Ең бастысы, төлемдер соңғы 12 айда үнемі жасалған болуы қажет.
Егер пациент жүйеде сақтандырылмаған болса және үнемі жарналар жасамаған жағдайда, бұл оның денсаулық сақтау саласының сыртында қалады деген ұғымды білдірмейді.
Шұғыл жағдайларда мемлекет оған алғашқы қажетті медициналық көмекке, оның ішінде диагностикалық және консультациялық көмекке кепілдік береді.
Әлеуметтік маңызы бар немесе созылмалы аурулары бар Д-есепте тұрған пациенттер де өз аурулары бойынша барлық қажетті қызметтерді кепілдендірілген тегін пакеттен алады.
ТМККК және МӘМС пакеттеріне қол жеткізу үшін қажетті дүние бұл пациенттің амбулаториялық-емханалық қызметтерді көрсететін және Қордың Өнім берушісі болып табылатын медициналық ұйымға бекітілуі.