СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
8 701 785 57 07

ҚАДАҒАЛАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛІГІНЕ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ


          Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№13 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық инфекциялық орталығы» ШЖҚ МКК қадағалау кеңесінің мүшелігіне іріктеу жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қадағалау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

    2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

    3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Қадағалау кеңесінің мүшесі ретінде мына тұлғалар сайланбайды:

     1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

     2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

     3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

     4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды қадағалау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

    Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

    2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

    3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

    4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

    6) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

  Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Конкурстың өтетін орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11- ғимарат, 419 кабинет, 556839.

Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) - 2024 жылғы
27 тамыз.

Конкурстың аяқталу күні (құжаттарды қабылдауды аяқтау) - 2024 жылғы 25 қыркүйек.

Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • МӘМС
  • БАЙЛАНЫС
  • Вакцинация
  • COVID-19
  • Бақылау кеңесі
  • Комплеанс қызметі
  • Қызмет көрсету аумағы