СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Тендер тәсілімен өткізілетін «Медициналық техниканы» сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
- Super User
- Сатып алулар 2021
- Қаралды: 503
Тендерді ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК-ны, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ.56 Тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасына сәйкес, медициналық техниканы тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер 3-тарауда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс; сатып алынатын тауарлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 4-тарауының талаптарына (бұдан әрі-Қағидалар), сондай-ақ тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес болуы керек.
Сатып алынатын медициналық техниканың толық тізбесі, толық сипаттамасы, көлемі, сатып алуға бөлінген сомасы, мерзімі, шарттары, жеткізу орны Тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасына сәйкес, Тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Тендерлік құжаттама пакетін демалыс және мереке күндерінен басқа, мына мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 56, 9-кабинет, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін және/немесе www.gp3astana.kz веб-сайтынан алуға болады.
Мөрленген конверттегі тендерге қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер 2021 жылғы 26 ақпанда сағат 10.00-ге дейін сатып алуды Ұйымдастырушының мекен-жайы бойынша ұсынады.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы 26 ақпанда сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша ашылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 56, 2-қабаттағы мәжіліс залында.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 39-50-66.