СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
- Қаралды: 418
Бүгін №3 қалалық емханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Емхана қызметкерлері викториналық сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауаптар үшін тәтті сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, «Туым – менің Қазақстаным» республикалық флешмобының аясында республиканың әнұраны орындалып, патриоттық әндер шырқалды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №3 қалалық емханада дәрігерлер, орта және кіші буын қызметкерлері марапатталды.
Қала және облыс әкімдіктері, кәсіподақ ұйымы және тікелей емхана басшылығы атынан медальдар мен төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ барлық үміткерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.
Марапатталған әріптестер мен барша елорда тұрғындарын мерейтоймен құттықтаймыз.
Атақты қазақстандық спортшылар кәсіптік-техникалық колледж студенттерімен кездесу өткізді
- Қаралды: 487
Атақты қазақстандық спортшылар кәсіптік-техникалық колледж студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Спорттық кездесудің ұйымдастырушылары №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар денсаулық орталығы мен колледж басшылығы және қазақстандық спортшылар Одағы болды.
№3 қалалық емхананың қызметкерлері астаналық сервис және туризм колледжінің басшылығымен бірлесіп "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!". Мұндай компания әлемде жыл сайын өткізіледі және 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін созылады.
Емхана мамандары, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының өкілдері студенттерге гендерлік зорлық-зомбылық ұғымы, зорлық-зомбылық тек сексуалдық қана емес, осындай жағдайларға тап болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы айтты.



