СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
#Repost @altay_kulginov_official
- Қаралды: 335
Құрметті қала тұрғындары!Қаламызда жағдай тұрақты, қауіпсіздік жағдайы қамтамасыз етілген. Бірақ соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны туралы айту қиындау. Елорда «қызыл аймаққа» өтті.
Бұрын тәулігіне орта есеппен коронавирус жұқтырған 100-ге жуық науқас тіркелсе, қазір бұл жағдай 1200-ден 1,5 мыңға дейін өзгерді! Күніне 100-ге жуық науқас ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Бұл жай ғана сан емес, оның әрқайсысының артында әр азаматтың денсаулығы тұр. Ал бұл қаланың медициналық мекемелеріне үлкен жүктеме!
Каламызда коронавирустың жаңа штамы – «омикрон» пайда болғалы бері науқастар қатары күрт өскенін байқап отырмыз. Дәрігерлер айтқандай, бұл жағдай өткен мерекелік күндермен тікелей байланысты. Омикрон штамы жылдам тарайтын, барлық жастағы адамға жұғатын теріс қасиетке ие! Жедел медициналық жәрдем станциясына тәулігіне 4,5 мыңнан аса адам жүгінеді; шақырулар – 2 мыңнан астам.
Науқастар санының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, бір-біріне қонаққа бармауға, ірі отырыстарға қатыспауға шақырамын.


