СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емхананың қызметкері "Алтын дәрігер" құрметті атағына ие болды
- Қаралды: 429
№3 қалалық емхананың қызметкері "Алтын дәрігер" құрметті атағына ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Оразалы Сабкенұлы Рахимов "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды. "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ атынан төсбелгісін ұйым Президенті Садықова Айжан Бегайдарқызы табыс етті.
"Алтын Дәрігер" төсбелгісімен марапаттауға дәрігердің отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлкен үлесін мойындау, халық денсаулығы үшін риясыз еңбек және белсенді қоғамдық қызмет негіз болып табылады. Мұндай марапат – әріптестерінің мойындауы, ол адал және мінсіз еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін беріледі", - деп атап өтті Айжан Садықова.
№3 қалалық емханада Оразалы Сабкенұлы 24 жыл жұмыс істейді. Жалпы медициналық өтілі 35 жыл. Еңбек жолын Целиноград облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастады, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда алдымен терапевт, содан кейін бас дәрігер болып жұмыс істеді, жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері және лор дәрігері боп балалар ауруханасында істеген.
"Оразалы Сабкенұлы - өз ісінің маманы. Көп жылдан бері ол біздің емханада жұмыс істеп келеді. Қазір емханадағы жұмыстың маңызды аспектілерінің бірі - ол Есіл ауданы бойынша шақыру медициналық комиссиясын басқарады. Бұл комиссия арқылы жыл сайын әскерге шақыру жасындағы көптеген жастар өтеді", - деп атап өтті №3 қалалық емхананың директоры Сәуле Қуанышқалиқызы Нұрашева.
Оразалы Сабкенұлының ақ халатында алтын жалатылған және фианитті төсбелгі айқын көрінеді. Үлкен тәжірибесі бар дәрігер үшін бұл ең қымбат марапаттардың бірі.
"Шынымды айтсам, күтпедім. Бірақ менің кандидатурамды ұсынғандардың барлығына ризамын. Менің Денсаулық сақтау саласындағы еңбегімнің атап өтілуі мен үшін үлкен құрмет пен қуаныш", - деп өз ойымен бөлісті дәрігер .