СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Құрылыс-техникалық колледжінде дәріс өтті
- Қаралды: 358
№3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар денсаулық орталығының қызметкерлері елорданың Құрылыс-техникалық колледжінде болды. Студенттерге уролог, СӨС дәрігері және психолог сияқты мамандар дәріс оқыды.
Мамандар жастар үшін маңызды тақырыптарды қозғады. Атап айтқанда, мінез-құлық қауіп факторлары, оның ішінде никотин, алкоголь, есірткі заттарын тұтынудың зияны туралы айтылды. Сондай-ақ, ерлер денсаулығының алдын-алу және студенттік ортада ыңғайлы қарым-қатынасты қалай құру туралы.
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің жанындағы ЖДО қызметкерлері осындай дәрістерді Елордалық колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін тұрақты негізде өткізеді.