СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
COVID-19-дан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - бұл иммунизация!
- Қаралды: 349
«Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) вакцинасы туралы
Коронавирус жұқпасына қарсы вакцина енгізілгеннен бері әлем бойынша бірнеше миллиард ересек адамдар әртүрлі коронавирустық екпелермен егілді.
COVID-19-ға қарсы кең тараған вакцинациялау – барлық адамзатты коронавирустық жұқпадан, соның ішінде жоғары қауіп тобындағы адамдарды қорғаудың маңызды құралы.
Коронавирустық жұқпаға қарсы екпелер қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие, олар ауыр сырқаттану мен ауруханаға жатқызу жағдайларын азайтады және де коронавирустық жұқпадан болатын өлімді азайтуға көмектеседі.
Қазақстанда коронавирустық жұқпаға қарсы егілу тегін және ерікті түрде жүргізіледі.
2021 жылдың 15 қарашасынан бастап, 12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған «Пфайзер» шығарған «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялау басталады.
12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Бастапқы кезеңде жасөспірімдерді вакцинациялау 16-17 жастан басталады.
«Пфайзер» вакцинасымен вакцинациялаудан бұрын:
- 12 жастан 18 жасқа дейінгі егілетін тұлғаны қарап-тексеру және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен сауалнама жүргізіледі;
- иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, егілуге рұқсат беріледі;
- вакцинацияланған адамға және/немесе оның ата-анасына (заңды өкіліне) алдын алу екпелері, ықтимал реакциялар және ИКҚК, вакцинациялаудан бас тартудың салдары туралы толық және жан-жақты ақпарат ұсынылады.
Вакцинациялаудан соң:
Егілген адам вакцина алған жерде 30 минут бойы медицина қызметкерінің бақылауында болады.
Вакцинациядан кейін келесі күтілетін реакциялар болуы мүмкін:
- инъекция орнында ауырсыну, ісіну, шаршау, бас ауруы, бұлшық ет ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, безгек;
- 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде аталған реакциялардың кейбірі ересектерге қарағанда біршама жиірек болды;
- инъекция орнында қызару, жүрек айнуы, құсу;
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнында қышу, денеде бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар және т.б.;
«Пфайзер» шығарған вакцинамен егілу кестесі:
1 доза - кез келген нөлдік күн;
2 доза - бірінші дозаны алғаннан кейін 21-28 күн аралықпен жүргізіледі.