СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Бүгін - халықаралық темекіден бас тарту күні
- Қаралды: 426
Шылым шегуден бас тартудың халықаралық күні қараша айының үшінші бейсенбісінде атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оны 1977 жылы Америкалық онкология қоғамы бекіткен. Мақсаты - темекі шегудің таралуын азайту, халыққа адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегудың нәтижесінде пайда болған аурулардан жыл сайын жер бетінде шамамен 7 млн тұрғын қайтыс болады.
Қазақстанда 15 және одан жоғары жастағы темекі шегушілер шамамен 1/3 бөлігін құрайды.
Егер бұл зиянды әдет ер адамдарға тән деп есептелген болса, соңғы уақытта әйелдер арасында темекі шегудің таралу әдеті байқалуда. Коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде бұл одан да үлкен қауіп төндіреді және зақымданған жағдайда ауыру ағымының ауырлығына әсер етеді.
Темекі шегуден бас тартудың пайдасы қандай?
- 20 минуттан кейін артериялық қан қысым мен жүрек соғысы бастапқы деңгейге қайта келеді;
- 8 сағаттан кейін – қандағы көміртегі тотығының деңгейі жартылай азаяды, оттегі деңгейі біртіндеп қалыпқа келеді;
- 48 сағаттан кейін – жүрек ұстамасының қаупі азаяды;
- 72 сағаттан кейін – өкпедегі бронхиолалар босаңсиды;
- 2 аптадан кейін – қан айналымы күшейеді;
- 3-9 айдан кейін – өкпенің көлемі ұлғаяды, жөтел, сырыл және тыныс алумен болатын басқа проблемалар жойылады;
- 1 жылдан кейін– жүрек ұстамасының даму қаупі 50%-ға азаяды;
- 5-15 жылдан кейін инфаркт пен инсульттің даму қаупі ешқашан темекі шекпейтін адаммен бірдей болады.