СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Пневмония – өкпе инфекциясы арқылы тасымалданатын аурудың қатарына жатады
- Қаралды: 341
Пневмония – өкпе инфекциясы арқылы тасымалданатын аурудың қатарына жатады. Өкпе қабынуы тыныс алу кезінде ауадағы микробтардың ішке өтуімен бірте – бірте тасымалданады. Тұмау немесе суық тиген уақытта пневмония қаупі жоғары, себебі өкпеге зақым тиеді. Емдеу жолдарын 2 – 3 аптадай үйде жүргізеді.
Бір жылда бұл диагнозбен 17 000 000 аса адам аурады. Әйелдер мен еркектерді салыстырғанда, еркектер 30% дейін жиірек аурады. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылары, сонымен қатар ардагерлер жиі шалдығуы мүмкін.
Пневмонияның алдын алуы үшін, жұқтырудан қауіпсіз іс- шаралар кешенін сақтау керек. Бірінші кезекте ағзаның қорғаныс күштерін нығайту керек: спортпен шұғылдану және дұрыс тамақтануды ұстану, күнделікті таза ауамен дем алу, шынығу, тәулігіне 7-8 сағаттан кем емес ұйықтау, жүйке күйзелістерінен сақтану.
- Вакцинация ағзаның қоздырғыштармен зақымдануын ескертеді.
- Инфекция ошақтарын алдын алу, өкпеде қабыну процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
- Ылғалды тазалау күнделікті жүргізілуі тиіс. Үйді тәулігіне кемінде 3-4 рет желдету керек.
- Спирттік ішімдіктер мен темекі шегуден бас тарту қажет. Антиагреганттарды (Гепарин, Пентоксифиллин) пайдалану түбегейлі шара болып табылады. Пневмония кезінде дәрі – дәрмектік ем болмаған жағдайда, өлім қаупі жоғары болып табылады. Ауруды дер кезінде анықтаудан гөрі, өкпе қабынуын алдын алу үшін шаралар қолдану оңайырақ.