СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Еуразия гуманитарлық институты колледжінде Жастар денсаулығы орталығының тұсаукесері өтті
- Қаралды: 308
Еуразия гуманитарлық институты колледжінде Жастар денсаулығы орталығының тұсаукесері өтті. №3 қалалық емхана базасында орналасқан Орталық қызметкерлерінің айтуынша, гинеколог, уролог, психолог, әлеуметтік қызметкер сияқты мамандар жұмыс істейді.
Денсаулық орталығында барлық қызметтер жастарға тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, Орталық келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді.
Оның ішінде, отбасын жоспарлау, алкоголизм мен нашақорлықтың, АИТВ-инфекциясының, стресс пен депрессияның, қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Презентациядан басқа, гинеколог және ЖДО психологы өз дәрістерін оқыды.