СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Тұран Астана университетінде гинекологы және психологы дәріс өткізді
- Қаралды: 331
Тұран Астана университетінде № 3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің Жас толқын жастар денсаулық орталығының гинекологы және психологы дәріс өткізді.
Кездесуде гинеколог жастардың жыныстық тәрбиесі, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және т.б. тақырыптарды қозғады. Мұндай талқылау қыздарға жеке аудиторияда өткізілді.
Одан кейін жалпы залда бірінші курс студенттерін ЖОО-да оқуға бейімдеуге арналған психологиялық тренинг өткізілді.