СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Бүгін елорданың кәсіптік-техникалық колледжінде №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар денсаулық орталығының тұсаукесері өтті
- Қаралды: 684
Бүгін елорданың кәсіптік-техникалық колледжінде №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар денсаулық орталығының тұсаукесері өтті. Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері орталықта қандай қызметтерді алуға болатындығы туралы айтты.
Жалпы презентацияны СӨС үйлестірушісі Зябликова Ирина Михайловна жүргізді. Сондай-ақ, ерлер аудиториясы үшін уролог жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы дәріс оқыды. Ал қыздардың алдында гинеколог сөз сөйледі. Олардың әңгімесінің тақырыбы: "Ерте жүктілік". Дәріс соңында орталық психологы ойын түрінде тесттер мен тренингтер өткізді.
Жастарға орталықта сенім телефоны жұмыс істейтінін, олар жасырын түрде хабарласа алатынын айтты.