СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Кезекті дәріс өтті
- Қаралды: 467
№3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері Менеджмент, бизнес және білім колледжінде дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы: Халықаралық психикалық денсаулық күні. Психикалық денсаулық медициналық орталығының психотерапевті Қойшыбеков Тоқтар Тілеуханұлы 1 курс студенттерге тақырып бойынша ақпарат берді.
Жастарға салауатты өмір салтының алдын алу, психикалық денсаулық, жасөспірімдердің жаман әдеттері, синтетикалық препараттар мен қоспалардың қауіптілігі, ересектердің әсері туралы айтылды.
Сонымен қатар, әңгіме барысында тұмауға қарсы вакцинация қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді.
Кездесу соңында студенттерге парақшалар мен брошюралар таратылды.