СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін ақпараттық-оқыту семинарын өтті
- Қаралды: 507
ШЖҚ "№3 қалалық емхана" МКК «Жас Толқын» ЖДО мамандары Елорда оқу орындарының психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін ақпараттық-оқыту семинарын өткізді
Семинарға елорданың оқу орындарының әлеуметтік педагогтары, психологтары қатысты, сондай ақ емхананың мамандары - акушер-гинеколог, уролог шақырылды.
Семинардың спикері ретінде Нұр-сұлтан қаласы бойынша Bilim Foundation ҚҚ превенция бағдарламасының аймақтық өкілдігінің басшысы, суицидтердің алдын-алу бағдарламасының шебер–тренері Г.К. Капанова шақырылды.
Жасөспірім адам онтогенезіндегі ең қиын кезеңдердің бірі болып табылады. Осы кезеңде балалық шақтан ересек жасқа көшу жүреді, ол дамудың барлық аспектілерінің - физикалық, психикалық, моральдық, психологиялық және әлеуметтік негізгі мазмұны мен нақты айырмашылығын құрайды, саналы мінез-құлық негіздері қаланады. Жасөспірім кезінде психикалық аурулар мен жеке дамудың ауытқуларының көрінісі пайда болады.
Семинардың мақсаты қалыпты және патологиялық өтетін пубертаты, ауытқулардың дифференциалды диагностикасы, мінез-құлықтағы бұзылулардың пайда болу себептері және оларды түзету туралы ақпараттандыру.
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылутиіс. Жасөспірімдердің мінез-құлқының бұзылуында көрінетін мінез-құлықекпіндері, психологиялық және патологиялық жағдайлық-жеке реакциялары қарастырылады.
Семинардың әрбір қатысушысы әдістемелік ұсынымдар мен жадынамалар алды. "Жас Толқын" ЖДО жұмысы, ҮЕҰ байланысы туралы презентациялар көрсетілді.
Семинар қорытындысы бойынша оқу орындары мен қалалық емхана психологтарының алдын-алу жұмыстарының бірлескен жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.