СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық шеңберінде Ашық есік күні өтті
- Қаралды: 511
2021 жылғы 15 наурызда ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық шеңберінде туберкулездің клиникалық белгілерімен, берілу жолдарымен, алдын-алу шараларымен таныстыру және уақтылы медициналық профилактикалық тексеруден өтіп тұрудың маңыздылығын түсіндіру мақсатымен Ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараның барысында Кубышева А.К. фтизиатр дәрігері кеңес беру мен химизатор Муканова Л.Е. әңгімелесу жүргізді. Сонымен қатар, емханаға келушілердің арасында туберкулездің алдын алу шаралары, клиникалық көріністері туралы семинар-тренинг өтті.