СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Салауатты сана — мықты иммунитет: АИТВ және психика туралы мифтерді талдау»
- Қаралды: 2
2026 жылғы 25 қарашада «Тұран колледжі» білім беру мекемесінде психолог Ильяшова Диана Жайыққызы 1–2 курс студенттеріне арналған Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында «Салауатты сана — мықты иммунитет: АИТВ және психика туралы мифтерді талдау» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық семинар өткізді.
Семинар барысында студенттер АИТВ-инфекциясы, оның жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат алды. Психикалық денсаулық пен ағзаның жалпы жағдайы арасындағы өзара байланысқа, сондай-ақ күйзеліс пен эмоционалдық саулықтың адам өмірінің сапасына әсеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар АИТВ туралы кең таралған мифтер мен қате түсініктерді талқылап, уақтылы тестілеуден өтудің, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге және оларға қатысты стигматизацияға жол бермеудің маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Семинардың интерактивті бөлімінде студенттер өз білімдерін тексеріп, өзекті мәселелерді талқылап, қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ақпараттық-оқыту материалдарымен (ИОМ) танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың денсаулыққа деген жауапты көзқарасын қалыптастыру, АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты толеранттылық пен эмпатияны дамыту.


