СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Салауатты сана — мықты иммунитет: АИТВ және психика туралы мифтерді талдау» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық семинар өткізілді
- Қаралды: 2
2026 жылғы 24 қарашада «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттеріне ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында психолог Ильяшова Диана Жайыққызының қатысуымен «Салауатты сана — мықты иммунитет: АИТВ және психика туралы мифтерді талдау» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық семинар өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар психологиялық саулық пен денсаулықтың өзара байланысын талқылап, АИТВ-инфекциясы туралы кең таралған мифтер мен шынайы деректерді қарастырды. Сондай-ақ уақтылы тестілеуден өтудің, инфекцияның алдын алудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға психологиялық қолдау көрсету, стигма мен кемсітушілікті жеңу және қоғамда толерантты көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы білімдерін кеңейтті.


