СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Салауатты сана — мықты иммунитет: АИТВ және психика туралы мифтерді талдау» тақырыбында семинар өткізілді
- Қаралды: 3
2026 жылғы 24 қарашада «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттеріне ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында психолог Ильяшова Диана Жайыққызының ұйымдастыруымен «Салауатты сана — мықты иммунитет: АИТВ және психика туралы мифтерді талдау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында студенттер АИТВ туралы кең таралған мифтерді, инфекцияның алдын алу жолдарын, психологиялық денсаулық пен иммунитеттің өзара байланысын талқылады. Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас таныту мен қолдау көрсетудің маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның мақсаты — жастардың ақпараттану деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және АИТВ-ға қатысты стигма мен теріс түсініктерді жою.


