СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Семинар барысында «Репродуктивті денсаулықты қорғау», «Репродуктивті жүйе ауруларының профилактикасы», «Тұмаудың алдын алу және Гриппол вакцинасы»
- Қаралды: 4
2026 жылғы 5 қарашада №3 қалалық емхананың «Жас Толқын» Жастар денсаулық орталығының дәрігер-гинекологы Жаншураева М.Ж. студенттік жатақханасы бар Жастар акселерация орталығында студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Семинар барысында «Репродуктивті денсаулықты қорғау», «Репродуктивті жүйе ауруларының профилактикасы», сондай-ақ «Тұмаудың алдын алу және Гриппол вакцинасы» тақырыптары қамтылды.
Іс-шара аясында қатысушыларға репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, репродуктивті жүйе ауруларының қауіп факторлары, олардың алдын алу шаралары, жеке гигиена қағидалары және уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар тұмау инфекциясының таралу жолдары, оның асқынуларының алдын алу, спецификалық және спецификалық емес профилактика әдістері, сондай-ақ Гриппол вакцинасының маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


