СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Психикалық денсаулық және инсульт: өз денсаулығыңа уақытылы қамқорлық жасаудың маңызы» тақырыбында семинар өткізді
- Қаралды: 4
05.11.2026 жылы №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің ЖДО «Жас Толқын» психологы Карина М.Т. Қызмет көрсету және туризм колледж студенттері арасында «Психикалық денсаулық және инсульт: өз денсаулығыңа уақытылы қамқорлық жасаудың маңызы» тақырыбында семинар өткізді.
Студенттерге психикалық денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, оның жалпы денсаулық жағдайымен байланысы және инсульттің алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді. Инсульттің пайда болу себептері, негізгі қауіп факторлары, алғашқы белгілері және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Қатысушыларға психикалық және физикалық денсаулық туралы білімін арттыру, инсульттің қауіп факторлары мен алғашқы белгілері туралы ақпараттандыру, аурулардың алдын алу және өз денсаулығына уақытылы әрі жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.


