СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясы» тақырыбында тренинг өткізді
- Қаралды: 2
2026 жылғы 5 қарашада «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де, Биржан сал көшесі, 1 мекенжайы бойынша емхана қызметкерлеріне психолог Ильяшова Д.Ж. «Медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясы» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар кәсіби этиканың маңыздылығын, пациенттермен және әріптестермен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатуды талқылады. Сонымен қатар, тәжірибелік жағдайларды талдап, психологиялық жаттығулар орындады.
Кездесу барысында қарым-қатынас мәдениетіне, өзара құрметке, жанжалдардың алдын алуға және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Құрмет, жауапкершілік және адамгершілік — медицина қызметкерінің кәсіби қызметінің негізі!


