СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында конференция өткізді
- Қаралды: 3
2026 жылғы 3 қарашада №3 қалалық емхананың Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің СӨС дәрігері қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Қойшибеков Тохтар Толеухановичтің қатысуымен «Алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында конференция өткізді.
Іс-шара Халықаралық алкогольге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
Конференция барысында студенттерге алкогольдің адам денсаулығына, психикалық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін зияны, алкогольге тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Студенттер конференцияға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.


