СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қант диабетінің алдын алу және ерте диагностикалау
- Қаралды: 2
2026 жылғы 3 қарашада №3 қалалық емхананың «Жас Толқын» Жастар денсаулық орталығының дәрігер-гинекологы ЕАГИ колледжінің студенттері арасында «Қант диабетінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында қант диабетінің даму себептері мен қауіп факторлары, аурудың алғашқы клиникалық белгілері, асқынулары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану және қандағы глюкоза деңгейін жүйелі бақылаудың маңыздылығы түсіндірілді. Студенттерге ауруды ерте анықтау мен уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы жеткізілді.


