СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Стоп Буллинг: Сен жалғыз емессің»
- Қаралды: 11
28.10.2026 жылы «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің «Жас Толқын» ЖДО психологы Карина М.Т. Медициналық-техникалық колледжде студенттер арасында *«Стоп Буллинг: Сен жалғыз емессің»* тақырыбында ақпараттық-ағартушылық семинар өткізді.
Семинар барысында студенттерге буллинг ұғымы, оның негізгі түрлері мен көріну формалары, сондай-ақ буллингке қатысушылар үшін оның психологиялық салдары туралы ақпарат берілді.
Буллингті дер кезінде анықтау, агрессивті мінез-құлыққа дұрыс әрекет ету және көмек алу үшін қайда жүгінуге болатынына ерекше назар аударылды. Студенттерге көмек пен қолдау сұрау әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, өздерінің психологиялық денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың маңызды қадамы екені түсіндірілді.


