СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Стоп Буллинг: Сен жалғыз емессің тақырыбында семинар өткізді
- Қаралды: 16
23.10.2026 ж. №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің ЖДО «Жас Толқын» психолог Карина М.Т. Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледж студенттері арасында «Стоп Буллинг: Сен жалғыз емессің тақырыбында семинар өткізді.
Қатысушыларға буллинг пен әзілдің арасындағы айырмашылық түсіндіріліп, қиын жағдайға тап болған кезде көмек сұраудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, құрмет, жанашырлық, эмпатия және өзара қолдау сияқты құндылықтардың психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, буллингке бей-жай қарамау және бір-біріне қолдау көрсету қажеттілігі туралы қорытынды жасады.


