СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Тұмаудың алдын алу және вакцинациялау тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
- Қаралды: 5
2026 жылғы 22 қазанда «Жас Толқын» Жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері Жаншураева М.Ж. Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері арасында тұмаудың алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Тұмау инфекциясының эпидемиологиялық ерекшеліктері, берілу жолдары, негізгі клиникалық белгілері мен асқынулары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар тұмаудың алдын алудағы вакцинацияның тиімділігі, иммундаудың маңыздылығы, жеке гигиена қағидаларын сақтау, қолды жүйелі түрде жуу, бөлмелерді желдету және жедел респираторлық инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар түсіндірілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің тұмау инфекциясының алдын алу жөніндегі медициналық сауаттылығын арттыру, вакцинацияға қатысты ғылыми негізделген ақпарат беру және инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.


