СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу»
- Қаралды: 7
12.10.2026 ж «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының дәрігер-гинекологы Жаншураева Мадина Жұмабековна Жоғары медициналық колледж студенттеріне «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында студенттерге сүт безі қатерлі ісігінің қауіп факторлары, аурудың алғашқы белгілері, ерте анықтаудың маңыздылығы және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар сүт бездерін өзіндік тексеру тәртібі, тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы және аурудың белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақтылы жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.
с-шараның мақсаты – студенттердің сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттану деңгейін арттыру, аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.


