СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апат кезіндегі алғашқы көмек»
- Қаралды: 2
2026 жылдың 7 қыркүйегінде №3 қалалық емхананың салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері Көлік және коммуникация жоғары колледжінің студенттеріне «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апат кезіндегі алғашқы көмек» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында студенттер жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері, алдын алу шаралары, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы және жедел жәрдем қызметі келгенге дейін апат құрбандарына алғашқы көмек көрсету тәртібі туралы білді.
Іс-шараның мақсаты жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жастардың өз өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларынан болатын жарақаттардың алдын алу болды.


