СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты байқауды өткізуге қатысты
- Қаралды: 2
«Жас Толқын» ЖДО мамандары және №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты байқауды өткізуге қатысты.
Байқауға Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара колледж студенттері арасында музыкалық байқау форматында ұйымдастырылып, студенттер өздерінің музыкалық таланттарын көрсетіп, шығармашылық номинацияларға қатысты. Байқауға қатысушыларды колледж студенттерінен құралған жанкүйерлер белсенді түрде қолдады.
Байқау қазылар алқасының құрамына әртүрлі ұйымдардың өкілдері құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Ал жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Байқау достық, көңілді әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Іс-шара соңында қатысушылармен бірге естелік фото және бейнетүсірілімдер жасалды.


