СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«5 минут көңіл бөлу» («5 минут внимания») акциясы өткізілді.
- Қаралды: 4
05.10.2026 ж. №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің ЖДО «Жас Толқын» Психолог Карина М.Т. және Бузурбаева А.Ш. Менеджмент, бизнес және білім беру колледжінде Қарттар күніне арналған Ұлттық бағдарлама аясында «5 минут көңіл бөлу» («5 минут внимания») акциясы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – студенттер арасында аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықты қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және қарт адамдарға көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында студенттерге өздерінің ата-әжелеріне телефон соғып, бар болғаны 5 минут уақыт бөліп, олардың жағдайын сұрау ұсынылды. Студенттер ата-әжелерімен сөйлесіп, денсаулықтарын, көңіл-күйлерін сұрап, күнделікті жағдайларымен бөлісті. Сонымен қатар, оларға өздерінің жақсы көретіндерін айтып, жылы сөздер мен ізгі тілектерін білдірді.


