СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Қызмет көрсету және туризм колледжі» ШЖҚ МКК студенттеріне арналған «Орта жол белесі: екінші жылға жаңа мақсаттар» атты тренинг өткізді.
- Қаралды: 15
2026 жылдың 21 қыркүйегінде психолог Ильяшова Д.Ж. «Қызмет көрсету және туризм колледжі» ШЖҚ МКК студенттеріне арналған «Орта жол белесі: екінші жылға жаңа мақсаттар» атты тренинг өткізді.
Тренинг барысында студенттер өткен оқу жылы мен жазғы демалыс кезеңін саралап, өмірлерінің түрлі салаларына қанағаттану деңгейін бағалады, сондай-ақ жеке тұлғалық кемелділік пен жауапкершілікті арттыру бағытында жұмыс істеді. Сонымен қатар, олар мақсат қою дағдыларын дамытып, жеке ресурстары мен қызығушылықтарын айқындады, эмоционалдық шиеленістен арылып, уәждерін (мотивациясын) күшейтті.


