СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУ
- Қаралды: 13
№3 қалалық емхананың Алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі мен «Жас толқын» Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында емхана келушілерінің қатысуымен өндірістік таңғы жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, күнді сергектікпен бастап, дене белсенділігінің денсаулыққа пайдасын арттыру.
Таңғы жаттығуға емхана келушілері белсенді қатысып, қарапайым әрі тиімді дене жаттығуларын орындады. Мұндай жаттығулар ағзаны сергітіп, көңіл күйді көтеруге және күнделікті белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Денсаулық – күн сайынғы дұрыс әдеттен басталады!


