СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Қауіпсіз жаз – АИТВ-ның, нашақорлықтың алдын алу және жастар денсаулығын сақтау»
- Қаралды: 1
СӨС дәрігері Айдана Сәдібекқызы мен психолог Алия Шайхуллаевна «ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының» мамандарымен бірлесіп, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттеріне «Қауіпсіз жаз – АИТВ-ның, нашақорлықтың алдын алу және жастар денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында студенттерге АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, есірткі заттарын қолданудың зияны және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Семинар қатысушылары мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

