СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Туберкулездің алдын алу»
- Қаралды: 1
Сервис және туризм колледжінің жатақханасында «Жас Толқын» ЖДО дәрігер-дерматовенерологы Бостанов С.Ж. «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында студенттерге туберкулездің пайда болу себептері, жұғу жолдары, негізгі белгілері және аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, флюорографиялық тексеруден уақытылы өтудің, иммунитетті нығайтудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Семинар қатысушылары аурудан сақтану жолдары туралы пайдалы мәліметтер алып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.

