СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«ӨСОА және бронх демікпесінің алдын алу»
- Қаралды: 4
СӨС дәрігері Айдана Сәдібекқызы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» келушілеріне «ӨСОА және бронх демікпесінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға өкпенің созылмалы обструктивті ауруы мен бронх демікпесінің пайда болу себептері, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, темекіден бас тарту, дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтану және дәрігерге уақытылы қаралудың маңыздылығы түсіндірілді.
Семинарға қатысушылар тыныс алу жүйесінің денсаулығын сақтау бойынша пайдалы кеңестер алды.

