СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қайырымдылық акциясы-Балаларға арналған "Үміт" концерті
- Қаралды: 1
Пррофилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлері мен Астана қаласы әкімдігінің «№3 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК «Жас Толқын» ЖДО мамандары сервис және туризм колледжінің ерікті студенттерімен бірлесіп, Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Үміт» дағдарыс орталығындағы балаларға арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырды.
Балалар үшін қызықты музыкалық бағдарлама, көңілді қимылды ойындар және түрлі ойын-сауық шаралары өткізілді. Еріктілер балалармен бірге ойнап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар студенттер балаларға жұмсақ ойыншықтар тарту етті.
Іс-шара өте жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қуанышты сәттер сыйлады.

