СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Туберкулездің алдын алу: қауіп факторлары мен қорғану жолдары»
- Қаралды: 7
«Жас Толқын» ЖДО СӨС дәрігері Айдана Сәдібекқызы Еуразиялық гуманитарлық институтының Жоғары колледжі студенттеріне «Туберкулездің алдын алу: қауіп факторлары мен қорғану жолдары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында студенттерге туберкулездің пайда болу себептері, жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, флюорографиялық тексеруден уақытылы өтудің, иммунитетті нығайтудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аурудың алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алды.

