СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Сіздің таңдауыңыз – біздің сеніміміз: студенттерін №3 ҚЕ-ға тіркелуге шақырамыз!
- Қаралды: 20
Сіздің таңдауыңыз – біздің сеніміміз: студенттерін №3 ҚЕ-ға тіркелуге шақырамыз!
№3 қалалық емхана елорданың жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты белсенді дамытып, студент жастар үшін сапалы медициналық қызметтерге барынша қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады.
Бүгін эпидемиолог дәрігер Айнұра Ғалиханқызы «Республикалық медициналық академия» ЖШС-не маңызды миссиямен барды – колледж студенттерін біздің емханаға: Астана қаласы Әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-на тіркелуге шақыру.
Нәтижелі кездесу барысында Айнұра Ғалиханқызы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қолжетімді тегін қызметтердің кең спектрі туралы толық айтып берді. Студенттерге біздің емханаға тіркелудің айқын артықшылықтары түсіндірілді:
–Жоғары білікті бейінді мамандарға қол жеткізу.
–Ауруларды ерте анықтау және алдын алу үшін тұрақты профилактикалық тексерулерден өту мүмкіндігі.
–Басқа мамандарға және қызмет көрсетудің жоғары деңгейлеріне жолдама бойынша толыққанды медициналық көмек алу.
Колледж басшылығы мен студенттеріне көрсеткен қызығушылықтары мен ынтымақтастыққа ашықтықтары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздің денсаулығыңыз – біздің басымдығымыз!
Денсаулық мәселелерінде сенімді серіктесті таңдаңыз – №3 қалалық емхана!

