СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
С дәрумені: аскорбин қышқылының пайдасы мен зияны
- Қаралды: 692
С дәрумені немесе аскорбин қышқылы - суда еритін биологиялық белсенді органикалық қосылыс. С дәрумені - бұл күшті антиоксидант.
Бұл дәрумен иммундық жүйесін нығайтады, жарақатты емдеу процесін жеделдетеді, бірқатар гормондардың синтезіне әсер етеді, гемопоэзді реттейді және капиллярлардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, метаболизмді реттейді, токсиндерді шығарады және ағзаға басқа да жағымды әсерлерін тигізеді.
Аскорбин қышқылы адам ағзасына күйзелістің теріс әсерінен қорғау үшін қажет. Оның ағзадағы жеткілікті мөлшері А, Е және В дәрумендер тобының қосылыстарын тұрақты қалыпта ұстап тұрады. С дәрумені ағзаға кальций және магниймен бірге қабылдағанда жақсы сіңеді.
Ағзадағы С витаминінің жетіспеушілігі иммунитеттің төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде тыныс алу және асқазан-ішек инфекциялары жиілейді. Қызылиектің қансырауы сынды белгілер пайда болады.
С витаминінің ағзадағы артық мөлшері – гипервитаминоздың белгілеріне келетін болсақ, жүрек айну, бас айналу, аллергия. Сондай-ақ аскорбин қышқылының ағзадағы артық мөлшері, өттің қабынуына және бүйректегі тастардың пайда болуына, бүйрек үсті безінің атрофиясына және жүрек проблемаларына әкелуі мүмкін.
«Соққы дозаға» қарсы көрсетілімдер, қант диабеті, қан ұюының жоғарылауы және тромбозға бейімділік.