СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Белсенді өмір – берекелі ғұмыр ?
- Қаралды: 51
Белсенді өмір – берекелі ғұмыр 
Қазан айының басында Қарттар күніне орай ерекше жылы әрі мағыналы іс-шара өтті. КМБО колледжінің дәлізінде «Белсенді өмір – берекелі ғұмыр» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күн — аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесіне тағзым ету және қоғамдағы белсенді рөлін атап өтуге арналған.
Іс-шара барысында «Еңбек терапиясы» үйірмесінің қызметалушылары өз қолымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде ұсынды. Қолөнер көрмесінде түрлі әшекей бұйымдар, тоқыма және кесте жұмыстары, табиғи материалдардан жасалған ерекше композициялар қойылды. Көрменің басты мақсаты – ардагерлер мен қарттардың шығармашылық әлеуетін ашу, оларды қоғам өміріне белсенді қатысуға ынталандыру.
Сонымен қатар, көрме аумағында қызметалушылардың салған суреттері мольберттерге қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр сурет – өмірлік тәжірибе мен шабыттың көрінісі, жылылық пен өмірге деген сүйіспеншілікті жеткізеді.
Мерекелік концертте студенттер мен колледж қызметкерлері ән мен би орындап, жылы лебіздерін білдірді. Шара достық, мейірім және алғыс рухында өтті.


