СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қыз денсаулығына қамқорлық — болашаққа салынған инвестиция
- Қаралды: 60
Қыз денсаулығына қамқорлық — болашаққа салынған инвестиция
Әйел денсаулығы апталығы аясында Кәсіптік-техникалық колледжде ЖДО «Жас Толқын» мамандары ұйымдастырған семинар өтті. Гинеколог-дәрігер студент қыздарға арналған «Репродуктивті денсаулықты қорғау. Етеккір циклі. Жеке гигиена» тақырыбында дәріс оқып, сондай-ақ «Адам папиллома вирусының алдын алу. Иммунизация» туралы әңгіме жүргізді.
Семинар барысында студент қыздар өз ағзасының ерекшеліктері мен оған дұрыс күтім жасаудың жолдарын кеңінен талқылады. Дәрігер етеккір циклі, оның кезеңдері және әйел ағзасында болатын өзгерістер жайлы толық түсіндірді. Әсіресе жеке гигиенаға назар аударылып, дұрыс дағдылардың денсаулықты ұзақ уақыт сақтаудағы маңызы атап өтілді.
Кездесуде ВПЧ тақырыбына ерекше тоқталынды. Бұл — жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған инфекциялардың бірі, ол жатыр мойны обыры сияқты қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін. Дәрігер вакцинацияның сенімді қорғаныс құралы екенін айтып, оны уақытылы жүргізудің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар студенттер иммунизацияны қай жаста алған дұрыс екені және оны қайда жасауға болатыны жайлы ақпарат алды.
Әңгіме еркін форматта өтті: студент қыздар сұрақ қойып, пікірлерімен бөлісті және толғандырған мәселелерге нақты жауап алды. Сенімге негізделген ашық атмосфера олардың көп жағдайда айтуға қиналатын сұрақтарын көтеруге мүмкіндік берді.


