СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Өзіңізді тұмаудан қорғаңыз: Астана қаласының №3 қалалық емханасында тегін вакцинациядан өтіңіз!
- Қаралды: 77
Өзіңізді тұмаудан қорғаңыз: Астана қаласының №3 қалалық емханасында тегін вакцинациядан өтіңіз!
Суық тию маусымы жақындап келеді, және Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасайды! Біз барлық ниет білдірушілерді тұмаудың тиімді алдын алу үшін тегін вакцинациядан өтуге шақырамыз.
Вакцинация үшін Ресей елінде өндірілген, сенімді «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Бұл сіздің иммунитетіңізді нығайтып, күз-қыс мезгілін саулықта өткізуге мүмкіндік!
Сізді мына мекенжайда күтеміз: Республика даңғылы, 56, 26-кабинет.
Егу кабинеті күн сайын сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тіркеу бөлімінің телефондары: 8 (7172) 39-75-27; 8 (7172) 54-70-73.
Саны 50 адамнан кем емес ұжымдар мен ұйымдар үшін біз көшпелі егу бригадалары қызметін ұсынамыз. Біздің мамандар вакцинацияны сол жерде өткізу үшін сізге келеді.


