СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды
- Қаралды: 54
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды, ол 1 қарашаға дейін жалғасады.Осы кезеңде әр азамат өз елдімекені шегінде емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:• eGov.kz порталы арқылы (онлайн, 1 жұмыс күні ішінде қаралады);• таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.Маңызды: бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер емхананы ауыстыруды жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді (Қормен келісімшарт болған жағдайда).Ұсыныстар:• Барлық отбасы мүшелерін бір дәрігерге тіркеу сапалы бақылауды қамтамасыз етеді.• Үйде медициналық көмек көрсетілу үшін емхананы тұрғылықты жерге жақын (жаяу 15–20 минут) таңдаған жөн.Бекітуден бас тарту себептері:• өтініштегі дұрыс емес деректер;• басқа елдімекенде тұру;• емханада тіркелгендер санының шектен асуы;• баланы тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы.Емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда.


