СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ЖЖБИ алдын алу: студенттерге маңызды ақпарат
- Қаралды: 67
ЖЖБИ алдын алу: студенттерге маңызды ақпарат
Көлік және коммуникациялар Жоғары колледжінде №3 Қалалық емхананың дерматовенеролог дәрігері Санат Бостанов «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Жастар – елдің болашағы. Сондықтан денсаулыққа қатысты дұрыс ақпаратты ерте жастан білу өте маңызды. Кездесу барысында студенттер ЖЖБИ түрлері, олардың жұғу жолдары мен ағзаға тигізетін салдары туралы мәлімет алды. Дәрігер алдын алу шараларына ерекше назар аударды: қорғану құралдарын пайдалану, уақытылы медициналық тексерістен өту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.
Маман атап өткендей, көп жағдайда ЖЖБИ-ді ерте анықтап, емдеуге болады. Алайда дер кезінде дәрігерге жүгінбеу бедеулікке, созылмалы қабынуларға және тіпті онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.
Семинар аясында студенттерге ақпараттық-білім беру материалдары (ИОМ) – 10 дана таратылды. Бұл материалдарда қорғанудың негізгі ережелері мен дәрігердің кеңестері қамтылған.


