СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Жарақаттанудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу
- Қаралды: 64
Жарақаттанудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу
№3 Қалалық емханада жарақаттанудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Елдегі жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған Ұлттық бағдарлама аясында салауатты өмір салты дәрігері кәсіби-техникалық колледж студенттеріне арналған семинар өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастардың жарақаттанудың негізгі себептері мен жол-көлік апаттарының салдары туралы білімін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрету. Студенттер арасында жиі кездесетін жарақаттар көп жағдайда ережелерді сақтамау, жол қозғалысы мәдениетінің төмендігі және немқұрайдылықпен байланысты екені айтылды.
Дәрігер жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді тағу, көшеде жүргенде телефон мен құлаққапты қолданбау сынды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы жарақат алу қаупін бірнеше есе азайтуға болатынын түсіндірді.
Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері де қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті.


