СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Аманат» партиясының билеттерін №3 Қалалық емхана қызметкерлеріне салтанатты табыстау
- Қаралды: 38
«Аманат» партиясының билеттерін №3 Қалалық емхана қызметкерлеріне салтанатты табыстау
Астана қаласында «Аманат» саяси партиясының билеттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бұл күні №3 Қалалық емхананың 20 қызметкері партия қатарына қосылып, елдің дамуына үлес қосуға және маңызды бастамаларды қолдауға өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді.
Шара ерекше бірлік пен құрмет атмосферасында өтті. Партия билетін алу – әрбір жаңа мүшенің халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға, денсаулықты нығайтуға және елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға дайын екендігін көрсетеді.
Медициналық қызметкерлердің қоғамдағы орны айрықша екені атап өтілді. Себебі дәрігерлер мен мамандар күн сайын халықпен тікелей жұмыс істеп, денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алу ісінде үлкен рөл атқарады. Олардың партия жұмысына белсенді қатысуы – кәсібилікпен қатар, әлеуметтік жауапкершіліктің де айқын көрінісі.
Жаңа мүшелер үшін бұл қадам олардың кәсіби және жеке өміріндегі маңызды белес болды. Қызметкерлер өздеріне артылған сенімді сезініп, ортақ іске үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.


