СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Конституция – елдің бірлігі мен дамуының негізі
- Қаралды: 82
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ЖДО «Жас Толқын» мамандары №3 Қалалық емхананың қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Шара тақырыбы – «Біздің Отанымыз – Қазақстан: Конституцияға 30 жыл», еліміздің Негізгі заңының мерейтойына арналды.
Конституция – мемлекеттің құрылымын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, демократия мен әділеттілікті нығайтатын басты құқықтық құжат. Ол – тәуелсіздігіміздің, келісім мен тұрақтылықтың тірегі.
Іс-шара жылы да мерекелік атмосферада өтті. Емхана қызметкерлері мамандармен бірге Конституцияның тарихи маңызын, оның қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын қорғаудағы орны ерекше екенін талқылады. Конституция әрбір қазақстандыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алуға кепілдік береді.
№3 Қалалық емхана осы маңызды міндетті абыроймен атқарып келеді. Емхана халыққа теңдік, қолжетімділік және адамгершілік қағидаттарына сүйене отырып, сапалы медициналық көмек көрсетуді басты мақсат етеді.


