СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қазақстан Республикасының Конституция күні!
- Қаралды: 99
Қазақстан Республикасының Конституция күні!
Бүгін біз еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз. Бұл күн – халқымыздың бірлігінің, мемлекетіміздің мықтылығы мен әділетке, өркендеуге деген ұмтылысының белгісі.
Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. Ол елімізде келісім мен тұрақтылықты нығайтып, баршамызға сенім мен игілік сыйлайды.
№3 Қалалық емхана да өз миссиясын абыроймен жалғастырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Біз Конституция қағидаттарына сүйеніп, әрбір азаматтың денсаулығын қорғауды басты құндылық деп білеміз.


